7 тамыздағы жарыс кестесі. Бүгін екі бірдей отандасымыз Олимпиада алтынына таласады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
7 тамыздағы жарыс кестесі. Бүгін екі бірдей отандасымыз Олимпиада алтынына таласады
Фото ©️ Тұрар Қазанғапов

Париждегі жазғы Олимпиада ойындары жалғасады. Бүгін отандастарымыз 5 спорт түрінен жарыс жолына шығады. Қазақстандықтар ойындарды Qazsport, Qazaqstan, "Хабар", "Ел Арна" және Jibek Joly арналарынан тікелей эфирде тамашалай алады. 

БӨЛІСУ

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль алды. Ал Олимпиаданың ең алғашқы жүлдесін мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле аралас жұптық сайыста жеңіп алған еді. Спорттық гимнастикада Нариман Құрбанов тарихи күміс жүлдеге қол жеткізді. Бокстан қыздар арасында Назым Қызайбай қола алды.

Бүгін жарыс жолына шығатын спортшыларымызға сәттілік серік болсын. Екі спортшымыз финалда бақ сынайды.

Байдарка есу. 1000 м. Жекелей сын. Іріктеу
13:40. Бекарыс Раматулла

Каноэ есу. 1000 м. Жекелей сын. Іріктеу
14:40. Сергей Емельянов

Грек-рим күресі
14:00. 1/8 финал. 87 кг. Нұрсұлтан Тұрсынов – Мұхамед Метвалли
21:15+. ФИНАЛ. 77 кг.  Демеу Жадыраев – Нао Кусака

Таэквондо. 1/8 финал (58 кг)
15:37.  Самирхон Абабакиров – Вито Дель Аквила

Велотрек. Спринт. Іріктеу
15:45. Андрей Чугай

Бокс. ФИНАЛ (80 кг)
01:51.   Нұрбек Оралбай – Олександр Хижняк