31 шілдедегі жарыс кестесі. Бүгін кімдерден жүлде күтеміз?

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
31 шілдедегі жарыс кестесі. Бүгін кімдерден жүлде күтеміз?

Париждегі жазғы Олимпиада ойындары жалғасады. Бүгін отандастарымыз 6 спорт түрінен жарыс жолына шығады. Қазақстандықтар ойындарды Qazsport, Qazaqstan, "Хабар", "Ел Арна" және Jibek Joly арналарынан тікелей эфирде тамашалай алады. 

БӨЛІСУ

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 қола медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль алды. Ал Олимпиаданың ең алғашқы жүлдесін мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле аралас жұптық сайыста жеңіп алған еді. Жалпыкомандалық есепте 12-орында тұр.

Бүгін жарыс жолына шығатын спортшыларымызға сәттілік серік болсын.

Триатлон. Финал
11:00. Екатерина Шабалина
Хабар арнасы

Стенд ату (Трап). Іріктеу
12:00. Мария Дмитриенко

50 метрден үш түрлі жағдайда оқ ату. Іріктеу
12:00. Ислам Сатпаев, Константин Малиновский

Бокс. 1/8 финал
14:16. 57 кг  Махмұд Сабырхан – Хосе Кулес Бротос
00:36. 75 кг  Валентина Хальзова – Атеина Бибечи Билон

Үстел теннисі. 1/8 финал
18:00.  Кирилл Герасименко – Омар Ассар

Спорт гимнастикасы. Көпсайыс. Финал
20:30. Милад Карими