3 тамыздағы жарыс кестесі. Бүгін кімдерден жүлде күтеміз?

Мира Лұқпан Корреспондент
Мира Лұқпан>
3 тамыздағы жарыс кестесі. Бүгін кімдерден жүлде күтеміз?

Париждегі жазғы Олимпиада ойындары жалғасады. Бүгін отандастарымыз 5 спорт түрінен жарыс жолына шығады. Қазақстандықтар ойындарды Qazsport, Qazaqstan, "Хабар", "Ел Арна" және Jibek Joly арналарынан тікелей эфирде тамашалай алады. 

БӨЛІСУ

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 қола медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль алды. Ал Олимпиаданың ең алғашқы жүлдесін мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле аралас жұптық сайыста жеңіп алған еді. Сондай-ақ боксшы Нұрбек Оралбай да бір жүлдеге қол жеткізді. Жалпыкомандалық есепте 26-орында тұр.

Дзюдо, аралас командалар арасындағы жарыс

Қазақстан командасы

Басталуы: 11.00 (алдын-ала кезеңдер), 19.00 (финалдық кезең)

Стенд ату, ерлер (скит). Екінші квалификация

Эдуард Ещенко

Басталуы: 12.00

Стенд ату, әйелдер (скит). Алғашқы квалификация

Әсем Орынбай

Басталуы: 12.00

Тасжолдағы велоспорт, ерлер. Топтық жарыс, финал

Алексей Луценко, Евгений Федоров

Бастаулы: 14.00

Бокс, 50 келіге дейін (әйелдер). 1/4 финал

Назым Қызайбай

Басталуы: 19.50 

Спорттық гимнастика, еркін жаттығу (ерлер). Финал

Милад Карими

Басталуы: 18.30

Спорттық гимнастика, аттағы жаттығу. Финал

Нариман Құрбанов

Басталуы: 20.16

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз