28 шілдедегі жарыс кестесі. Бүгін кімдерден жүлде күтеміз?

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
28 шілдедегі жарыс кестесі. Бүгін кімдерден жүлде күтеміз?
Фото ©️ olympic.kz

Бүгін Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының үшінші күні. 7 спорт түрінен 14 спортшымыз жарыс жолына шығады. 

БӨЛІСУ

Бадминтон. Ерлер. Іріктеу (QazSport)
11:30.  Дмитрий Панарин – Кента Нишимото

10 м пневматикалық мылтықпен ату. Іріктеу (QazSport)
12:15. Александра Ле, Арина Алтухова
14:15. Константин Малиновский, Ислам Сәтбаев

Академиялық ескек есу (Ел Арна)
12:36. Владислав Яковлев

Дзюдо. Ерлер. 1/16 финал (Qazaqstan)
13:00.   Ғұсман Қырғызбаев – Давид Гарсиа Торне  (66 кг)

Семсерлесу. Ерлер. Жекелей сын (Jibek Joly)
1/32 финал
13:00.  Вадим Шарлаимов – Гарри Санер

1/16 финал
15:50.  Руслан Құрбанов – Хуссам Элькорд
16:40.   Эльмир Әлімжанов – Луиджи Миддлтон

Бокс. Ерлер, әйелдер (Хабар, Еларна)
1/8 финал
14:48. 92 кг.  Айбек Оралбай – Адам Олаоре

1/16 финал
18:46. 71 кг.  Асланбек Шымбергенов – Зеяд Ишайш
19:50. 50 кг.  Назым Қызайбай – Джордана Соррентино

Теннис. 1/32 финал (Jibek Joly)
21:00.   Александр Шевченко – Якуб Меншик

Айта кетейік, кеше Қазақстан құрамасы қоржынына 1 алтын, 1 қола медаль түсті. Дзюдодан Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле аралас жұптық сайыста қола медаль еншіледі.