Батырхан Төлеуғали Олимпиаданың ширек финалына шыға алмады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Батырхан Төлеуғали Олимпиаданың ширек финалына шыға алмады
Фото ©️ olympic.kz

Қазақстан құрамасындағы ең жас спортшы Батырхан Төлеуғали Олимпиада ойындарының ширек финалына шыға алмады. Отандасымыз 1/8 финалда Симоне Алессиоға жол берді.

БӨЛІСУ

Екі дүркін әлем чемпионы атағына ие италиялық таеквондошы Батырханға айқын басымдығын танытып кетті. Енді жұбаныш жекпе-жегіне мүмкіндік болу үшін Алессионың финалға шыққаны керек.

Отандасымыз бірінші кездесуінде Исмаел Кулибалиден басым түскен еді.