Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БӨЛІСУ
Нариман елімізге спорттық гимнастикадан Олимпиаданың алғашқы медалін сыйлады.
Қазақстандық Нариман Курбанов жаттығуды ең бірінші болып орындап, 15.433 ұпай алды. Ол базалық қиындығы 6.7-ге тең жаттығуды сәтті орындап шықты.
Бұл сында алтын медальді ирландиялық Риз Макленаген иеленді. Оның ұпай көрсеткіші - 15.533.
Ал қола медаль америкалық Штефан Недорочектің еншісінде (15.300).
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!