Боксшы Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының ширек финалына шықты

Мира Лұқпан Корреспондент
Мира Лұқпан>
Боксшы Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының ширек финалына шықты
Фото ©️ olympic.kz

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай (80 келі) Париж Олимпиадасының 1/8 айналымда Каллум Питерсті (Аустралия) ұтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Тартысты өткен жекпе-жекте төрешілер 3-2 есебімен жеңісті қазақ былғары қолғап шеберіне берді.

Ширек финалда 1 тамызда Нұрбек Мұрат Аллахбердиев (Әзірбайжан) не Әбделрахман Әбделгавадпен сынға түседі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!