Олимпиада ойындарына алғаш қатысып жатқан Назым Қызайбай жарысты жеңіспен бастады. Отандасымыз бірінші жекпе-жегінде италиялық Джордана Соррентиноны жеңіп шықты.
БӨЛІСУ
Бірінші раундта төрешілердің басым бөлігі жеңісті италиялық боксшы қызға берді. Екінші раунд 4:1 есебімен Назымның пайдасына шешілді. Шешуші раундта отандасымыз толықтай басымдыққа ие болды.
Айта кетейік, бұған дейін ерлер арасында үш боксшымыз жекпе-жек өткізген болатын. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Айбек Оралбай жеңіске жетсе, ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов Олимпиаданы ерте аяқтады.