Ғұсман Қырғызбаев Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Ғұсман Қырғызбаев Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады
Фото ©️ olympic.kz

Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Париждегі жазғы Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады. Отандасымыз бірінші белдесуінде испан спортшысы Давид Гарсиа Торнені жарыс жолынан шығарды.

БӨЛІСУ

66 килоға дейінгі салмақта Ғұсман қарсыласын голден скорда ваззари әдісімен жеңді. Келесі кезеңде танымал кореялық дзюдошы Ан Ва Улмен кездеседі.

Айта кетейік, кеше дзюдодан 60 килоға дейінгі салмақта Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанған болатын.