Абиба Әбужақынова Олимпиада жүлдесін иелене алмады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Абиба Әбужақынова Олимпиада жүлдесін иелене алмады
Фото ©️ Сали Сабиров

Қазақ дзюдошысы Абиба Әбужақынова 48 килоға дейінгі салмақта Париж Олимпиадасының қола жүлдесіне қол жеткізе алмады. Отандасымыз үшінші орын үшін өткен белдесуде швед қызы Тара Бабулфазға жол берді.

БӨЛІСУ

Татамиде өткен тартысты белдесуде қарсыласы басымдық танытып кетті. Одан бөлек қазақстандық спортшы аяғын ауыртып алғаны байқалды. Осылайша Абиба 5-орыннан көрінді.