Күміс – қолда, алтын – жолда! Елдос Сметов Олимпиада финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Күміс – қолда, алтын – жолда! Елдос Сметов Олимпиада финалына шықты

Қазақ дзюдошысы Елдос Сметов Париж Олимпиадасының финалына шықты. Отандасымыз жартылай финалда испан спортшысы6 2023 жылғы әлем чемпионы Франциско Гарригосты жеңіп шықты. 

БӨЛІСУ

Елдос қарсыласын голден скорда иппонмен ұтты. Осылайша өз мансабында екінші рет Олимпиада ойындарының финалына шықты.

Елдос бірінші белдесуінде Нидерланд елінен келген Торнике Чкадуаны жарыс жолынан шығарды. Одан кейін украиналық Дильшот Холматовтан айласын асырды.

Екі бірдей Олимпиада ойындарында жүлде алған Елдос ширек финалда тайпейлік Янг Юнг Вейді жеңді.

Елдос Сметов 2015 жылғы әлем чемпионы, 2016 жылғы Рио ойындарының күміс, Токио-2020 олимпиадасының қола жүлдегері.