Қуан қазақ елі! Елдос Сметов Олимпиаданың жартылай финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қуан қазақ елі! Елдос Сметов Олимпиаданың жартылай финалына шықты
Фото ©️ olympic.kz

Қазақ дзюдошысы Елдос Сметов Париждегі Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты. Осылайша 60 кило салмақтағы үздік 4 дзюдошы қатарына қосылды. 

БӨЛІСУ

Екі бірдей Олимпиада ойындарында жүлде алған Елдос ширек финалда тайпейлік Янг Юнг Веймен кездесті. Әлемдік рейтингте бірінші тұрған спортшымен өткен белдесуде отандасымыз айласын асыра білді. 

Елдос бірінші белдесуінде бірінші белдесуінде Нидерланд елінен келген Торнике Чкадуаны жарыс жолынан шығарды. Одан кейін украиналық Дильшот Холматовтан айласын асырды. 

Жартылай финалда Елдос Испания елінің спортшысы Франциско Гарригоспен кездеседі. Ол ширек финалда жапон спортшысы Нагаяманы жарыс жолынан шығарды.

Елдос Сметов 2015 жылғы әлем чемпионы, 2016 жылғы Рио ойындарының күміс, Токио-2020 олимпиадасының қола жүлдегері.