Абиба екінші белдесуде қарсыласын 19 секундта ұтып шықты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Абиба екінші белдесуде қарсыласын 19 секундта ұтып шықты
Фото ©️ olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы қыз Абиба Әбужақынова Париждегі Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты. Отандасымыз екінші белдесуінде қарсыласын 19 секундта жеңіп шықты. 

БӨЛІСУ

Абиба екінші белдесуінде тайпейлік Чен-Хао Линмен кездесті. Шыға сала әдіске салған отандасымыз қарсыласын иппонмен айқын жеңіп шықты. 

Ширек финалда отандасымыз испан қызы Лаура Мартинес Абилендамен кездеседі.

Еске салайық, Абиба Әбужақынова бірінші белдесуінде Израильден келген Сара Ришониді жеңген болатын.