Елдос Сметов Олимпиада ойындарындағы екінші жеңісіне қол жеткізді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Елдос Сметов Олимпиада ойындарындағы екінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Париждегі жазғы Олимпиада ойындарындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыз екінші белдесуінде украиналық Дильшот Холматовтан айласын асырды. 

БӨЛІСУ

60 кило салмақта белдесетін Елдос Сметов екінші кезеңде украиналық Дилшот Халматовтан "ваззари" ұпайы бойынша басым болды. 

Бірінші кезеңде Сметов нидерландтық қарсыласын шидо саны бойынша ұтқан болатын. Ширек финалда Жамбыл жерінің мақтанышы Янг Юнг Веймен белдеседі (Қытай, Тайпей).

Айта кетелік, бұл Елдос Сметовтің мансабындағы үшінші Олимпиада ойындары.