Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медаль түсті. Қазақстандық мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алды.
БӨЛІСУ
Пневматикалық винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында отандастарымыз Германия құрамасынан айласын асырды. Қарсыластарын 17:5 есебімен айқын жеңіп шықты.
Осылайша Олимпиада ойындарындағы ең алғашқы жүлдені Қазақстан құрамасы иеленді.