Елдос Сметов Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Елдос Сметов Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады
Фото ©️ Сали Сабиров

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Париждегі Олимпиада ойындарын сәтті бастады. Отандасымыз бірінші белдесуінде Нидерланд елінен келген Торнике Чкадуаны жарыс жолынан шығарды. 

БӨЛІСУ

60 килоға дейінгі салмақта бақ сынайтын Елдос қарсыласын голден скорда жеңіп шықты. Қарсыласынан белсенді қимылдап, ескерту айырмасымен алда болды. 

Елдос 1/8 финалда украиналық Дильшот Холматовпен белдеседі.