"Қатты қапалымын". Елена Рыбакина қазақстандық жанкүйерлерге үндеу жасады

Мира Лұқпан Корреспондент
Мира Лұқпан>
"Қатты қапалымын". Елена Рыбакина қазақстандық жанкүйерлерге үндеу жасады
Фото ©️ Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Париж Олимпидасына қатыспайды. Мұны Қазақстан теннис федерациясы ресми растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Федерация Қазақстанның бірінші ракеткасы денсаулығына байланысты Парижде өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатыса алмайтынын мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта Елена асқынған бронхитпен ауырып жатыр, дәрігерлер оған тек кортқа емес, жарыстарға да ұшуға үзілді-кесілді тыйым салды. Рыбакина Олимпиадада жоғары деңгейде ойын көрсетуге үміттеніп, белсенді түрде дайындалды, бірақ ауруына байланысты бұл мүмкін болмады", - делінген хабарламада.

Елена Рыбакина осы шешімінен кейін қазақстандық жанкүйерлерге үндеу жасады.

"Құрметті қазақстандықтар! Мұны айту қиын, бірақ, өкінішке қарай, Париждегі Олимпиадаға қатыса алмаймын.

Уимблдон турнирінен кейін мен асқынған бронхитпен ауырдым, жаттығуға оралуға тырысқаныммен, ағзам әлі қалпына келе қойған жоқ. Дәрігерлер кортқа шығуыма үзілді-кесілді тыйым салды.

Үміттеріңізді ақтап, Париждегі Олимпиадада біздің құрама атынан бақ сынай алмайтыныма қатты қапалымын. Токиода медаль алуға жақын қалған едім және Қазақстан қоржынына алтын жүлде салу үшін Париж ойындарына тыңғылықты дайындалдым. Өкінішке қарай, бұл дерт жоспарды жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді.

Барлық қазақстандық спортшыға Парижде сәттілік пен жетістік тілеймін! Мен біздің барлық спортшымызға жанкүйер боламын және олар Олимпиадада еліміздің намысын қорғайды деп сенемін. Алға, Қазақстан!", - деді спортшы.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!