Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Олимпиаданың ресми сайтында Рыбакинаның аты-жөні жеке және аралас жұптық (микст) сындағы . сеткадан көрінбейді. Қазақстанның үздік теннисшісін аустралиялық Дарья Сэвилл (77-орын) алмастырды. Аралас жұпқа келсек, Елена Рыбакина Александр Бубликпен бірге өнер көрсетуі керек еді.
Еске салайық, Елена Рыбакинаның кейінгі рет Уимблдон турниріне қатысты, онда ол жартылай финалға шығып, чехиялық теннисші Барбора Крейчиковадан жеңіліп қалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!