Қазақстандық садақшылар Олимпиаданы бастады: нәтижелері белгілі болды

Мира Лұқпан Корреспондент
Мира Лұқпан>
Қазақстандық садақшылар Олимпиаданы бастады: нәтижелері белгілі болды
Фото ©️ olympic.kz

Париж Олимпиадасында садақ атудан рейтингілік раунд аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Спорттың бұл түрінен Ильфат Абдуллин,  Дәулеткелді Жаңбырбай және Александр Еременко сынға түсіп жатыр.

Қазақстандық садақшылардың нәтижесі төмендегідей: 

  • Ильфат Абдуллин  - 29-орын;
  • Дәулеткелдi Жаңбырбай  - 22-орын;
  • Александр Еременко - 59-орын.

Енді турнир кестесі жасақталып, 1/32 айналымда кездесетін қарсыластар анықталады. Барлығы 64 спортшы жүлдеге таласып жатыр. 

Айта кетейік, садақ атудан Қазақстан командасы Париж Олимпиадасында сынға түскен алғашқы отандық атлеттер саналады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!