Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынова қай күні Олимпиада жүлдесіне таласады?

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынова қай күні Олимпиада жүлдесіне таласады?
Фото ©️ dodatimes.kz

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының басталуына 2 күн ғана уақыт қалды. Париж Олимпиадасында 80 қазақстандық спортшы сынға түседі. Алғашқы бәсекелер 25 шілдеде басталмақ.

БӨЛІСУ

Татамидегі дзюдо бәсекелері 27 шілде күні басталады. Дәл осы күні Қазақстан құрамасы сапында Елдос Сметов (-60 кило) пен Абиба Әбужақынова (-48 кило) жүлде жолындағы күресін бастайды. Қазақстан уақытымен сағат 13:00-де басталады. Тікелей эфирде Qazaqstan ұлттық арнасы хабар тарататын болады.

27 шілде:
Абиба Әбужақынова - 48 кило
Елдос Сметов - 60 кило

28 шілде:
Ғұсман Қырғызбаев - 66 кило

29 шілде:
Данияр Шамшаев - 73 кило

30 шілде:
Абылайхан Жұбаназар - 81 кило
Эсмигуль Куюлова - 63 кило

1 тамыз:
Нұрлыхан Шархан - 100 кило

2 тамыз:
Камила Берліқаш - +78 кило

3 тамыз:
Командалық жарыс