Олимпиадаға ерекше есімді қыз қатысады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Олимпиадаға ерекше есімді қыз қатысады
Фото ©️ instagram.com/bgirl671liuqingyi/

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарына алғаш рет енген брейкинг спортынан қытайлық Лю Циньи есімді қыз қатысады. Bild басылымы хабарлағандай, спортшы өз аты-жөнін жақында өзгертіп алған. 

БӨЛІСУ

18 жастағы спортшы қыз есімінің қытай тіліндегі цифрлы нұсқасын қолдануды жөн көрген. Нәтижесінде оның аты-жөні әріппен емес, 671 деген санмен жазылатын болады. 

671-дің Олимпиада жүлдесін иелену мүмкіндігі жоғары. Ол 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және 2023 жылы Азия ойындарында топ жарған.