Қазақстандықтар Париждегі Олимпиада ойындарын қайдан көре алады?

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандықтар Париждегі Олимпиада ойындарын қайдан көре алады?
Фото ©️ msports.kz

Париждегі жазғы Олимпиада ойындары жақындап келеді. Қазақстандықтар төртжылдықтың басты додасын тікелей эфирде тамашалай алады. 

БӨЛІСУ

Vesti.kz сайты хабарлағандай, елімізде жазғы ойындардан 5 арна хабар таратады. Олар – Qazsport, "Хабар", Qazaqstan, "Ел Арна" және "Жібек Жолы". Бұл арқылы отандастарымыз жарыстардың көпшілігін тамашалай алатын болады. 

Айта кетейік, Париждегі Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Қазақстаннан 80 спортшы қатысады. Ашылу салтанатында Қазақстанның Туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова көтеріп шығады.