26 шілде күні Парижде басталатын Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстанның Туын ұстап шығатын спортшылар анықталды. Олар – боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова.
БӨЛІСУ
Асланбек бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны. 2023 жылғы әлем чемпионы және Азия чемпионы (2022). Көптеген халықаралық турнирлерде топ жарған боксшы.
Ольга да халықаралық жарыстарда жүлде алып жүрген спортшы. 2017 жылғы Азия чемпионы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Париждегі Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде 88 лицензия бар. Отандастарымыз 25 спорт түрінен жүлдеге таласатын болады.