Олимпиадаға баратын 3 боксшы қомақты сыйақы алды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Олимпиадаға баратын 3 боксшы қомақты сыйақы алды
Фото ©️ https://tengrisport.kz/

Алматыда Қазақстан бокс федерациясы Олимпиада ойындарына соңғы болып жолдама алған боксшыларды марапаттады. Сондай-ақ олардың жаттықтырушылары да ақшалай сый алды. 

БӨЛІСУ

Президент Шахмұрат Мүтәліп Бангкокта өткен лицензиялық турнирдегі жоғары нәтижесі үшін Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Назым Қызайбай және Валентина Хальзоваға ақшалай сыйақы табыстады. Париж Олимпиадасы жолдамасының иегері атанған әр боксшыға 10 миллион теңгеден берілді.

Сонымен қатар, аталмыш спортшылардың дайындығына үлес қосқан бапкерлер де елеусіз қалмады. Осылайша сегіз маманға 1.5 мен 5 миллион теңге аралығында сертификаттар табысталды.

Шараға Тұрсынғали Еділов, Ермахан Ибраимов, Мұхтархан Ділдәбеков және Қазақстан бокс федерациясының басшылық құрамы қатысты.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен боксшыларға мемлекеттен бөлек Қазақстан бокс федерациясы жеке сыйақы тағайындаған. Оның мөлшері төмендегідей:

🔹1-орын: 220 000 $ (98 миллион теңге)
🔹2-орын: 120 000 $ (53,6 миллион теңге)
🔹3-орын: 70 000 $ (31,3 миллион теңге)
🔹4-орын: 30 000 $ (13,4 миллион теңге)
🔹5-орын: 10 000 $ (4,4 миллион теңге)
🔹6-орын: 3000 $ (1,3 миллион теңге)

Ал бас бапкер мен жаттықтырушылар алқасы орын алған боксшы сыйақысының 30 пайызына пара-пар қаржылай сыйақы алады.