Олимпиадаға баратын спортшылардың формасы қашан дайын болады?

О Сансызбай Корреспондент
Олимпиадаға баратын спортшылардың формасы қашан дайын болады?
Фото ©️ ortcom.kz

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының басталуына 1 айдан аз уақыт қалды. Қазіргі таңда қазақстандық спортшылардың еншісінде 83 жолдама бар. Ал спорттық киім үлгісі шілде айының басында ресми түрде таныстырылмақ. Бұл туралы ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. 

БӨЛІСУ

Жазғы олимпиада ойындарына дайындық барысы штаттық режимде жүріп жатыр. Қазіргі уақытта Олимпиадаға арналған Қазақстан ұлттық құрамасының формасын тігуге берілген тапсырыс толығымен дайын, олимпиадалық киімді таныстыру шілденің басында өтеді. Олимпиадалық киімді тігу демеушілердің қаражаты есебінен толық жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда делегацияның барлық мүшелері салтанатты және спорттық формамен қамтамасыз етілген.

«Қазіргі уақытта біздің ұлттық құрама команда барлық делегацияға форма жасап, Астанаға келіп, таратады кесте бойынша. Форманың сапасын, оның орындалуы, дизайны БАҚ өкілдеріне 5 шілдеде Штабта көрстетілетін болады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық БАҚ өкілдерін шақырамыз. Біз тұсаукесерін жасаймыз», – деді спикер. 

Сондай-ақ вице-министр Олимпиада ойындарынан хабар тарататын БАҚ-қа да тоқталып өтті. Делегациядағы 118 адамның арасында 17 БАҚ өкілі бар.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!