Тағы бір танымал теннисші Олимпиадаға қатысудан бас тартты

О Сансызбай Корреспондент
Тағы бір танымал теннисші Олимпиадаға қатысудан бас тартты
Фото ©️ WTA

Әлемнің 10-ракеткасы, Тунис елінің теннисшісі Онс Жабер Париждегі Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартты.  

БӨЛІСУ

Теннисші тізеден алған жарақатын асқындырып алмас үшін Олимпиадаға бармайды. Одан қала берді корд төсеніші де қиындық тудырады деп санайды.

Бұған дейін беларусь Арина Соболенко да Париж Олимпиадасына бармайтынын айтқан еді. Онс Жабер де қазақстандық Елена Рыбакинаға басты қарсыластардың бірі.