Қызылордада Олимпиадаға қатысатын балуанға көлік сыйлады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қызылордада Олимпиадаға қатысатын балуанға көлік сыйлады
Фото ©️ @kazwrestling_official

Қызылорда облысы грек-рим, еркін және әйелдер күресі Федерациясы Париждегі Олимпиада ойындарына  қатысатын балуан Айдос Сұлтанғалиға жаңа көлік сыйлады.

БӨЛІСУ

Айдос Сұлтанғали – 28 жаста. Қазақстан құрамасы сапында ол 2021 жылы Азия чемпионы атанып, әлем чемпионатында екі рет қола жүлдегер атанды (2018, 2022).

Париждегі төртжылдықтың басты додасы спортшының мансабындағы тұңғыш Олимпиада ойындары болмақ. Осыған дейін ҚР ҰОК-не берген сұхбатында Олимпиаданы 15 жыл күткенін айтқан еді

Грек-рим күресінен екінші сыныптан бастап шұғылданып келем. Осы уақыт аралығында тек чемпион болуды, Олимпиадада бақ сынауды мақсат еттім. Иә, түрлі қиындықтар болды. Спорт болған соң, өмір  болған соң, бұл заңды да... Шыны керек, осы Олимпиаданы 15 жыл күттім. Қандай қиындық кездессе де, мойығаным жоқ. Өйткені, менің Олимпидаға қатыссам, Олимпиадада топ жарсам деген тәтті арманым бір сәтке де ойымнан шыққан емес. Бәрінің сәті биыл туып, Бішкекте өткен лицензиялық турнирде жеңіске жеттім. Тағы да қайталап айтам, мен түбі Олимпиадаға баратыныма сенгенмін», - дейді Айдос өз сұхбатында.  

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз