Париж Олимпиадасына Елдос Сметов барады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Париж Олимпиадасына Елдос Сметов барады
Фото ©️ olympic.kz

Алматыда дзюдодан 60 кило салмақтағы үш балуан арасында өткізілген Олимпиадаға іріктеу турнирі аяқталды. Аталған сынға Елдос Сметов жеңіске жетті. 

БӨЛІСУ

Елдос бірінші белдесуде Мағжан Шамшадинді ұтса, екінші белдесуде Нұрқанат Серікбаевтан басым түсті. 

Айта кетелік, бұл Елдос Сметовтің үшінші Олимпиадасы болмақ. Ол бұған дейін Рио Олимпиадасында күміс, Токио Олимпиадасында қола медаль иеленген. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!