Париж Олимпиадасына Қазақстаннан 8 дзюдошы қатысады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Париж Олимпиадасына Қазақстаннан 8 дзюдошы қатысады
Фото ©️ olympic.kz

Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына елімізден 8 дзюдошы қатысады. Оның жетеуі анықталып үлгерді. 

БӨЛІСУ

Ерлер арасында 60 килоға дейінгі салмақта кім баратыны 7 маусым күні өтетін өзара белдесулерден кейін белгілі болады. Себебі бұл салмақта Олимпиадаға баруға үш дзюдошымыздың рейтингі жетіп тұр. Ереже бойынша біреуі ғана Қазақстан атынан қатыса алады.

Әйелдер арасында 48 килоға дейінгі салмақта да екі дзюдошымыз олимпиадалық рейтингке енген: Абиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева. Соңғы әлем чемпионатындағы нәтижесіне қарай Абиба Олимпиадада ел намысын қорғайды.

Ерлер:
60 кг: Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин
66 кг: Ғұсман Қырғызбаев 
73 кг: Данияр Шамшаев
81 кг: Абылайхан Жұбаназар
100 кг: Шархан Нұрлыхан

Әйелдер:
48 кг: Абиба Әбужақынова
63 кг: Эсмигүл Құюлова
+78 кг: Камила Берліқаш

Осылайша Қазақстан 2024 жылғы Олимпиада ойындарында ерлер арасында 90 килодан жоғары және 100 килодан жоғары салмақта спортшы алып бара алмайды. Ал әйелдерде 52, 57, 70 және 78 килода жолдама жоқ.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!