Бас бапкер еркін күрестен соңғы лицензиялық жарысқа қатысатын балуандар есімін атады

О Сансызбай Корреспондент
Бас бапкер еркін күрестен соңғы лицензиялық жарысқа қатысатын балуандар есімін атады
Фото ©️ olympic.kz

Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Мадияр Құрамысов мамыр айында Стамбулда (Түркия) өтетін соңғы лицензиялық жарысқа кімдердің қатысатынын айтты. Бұл туралы ҚР ҰОК ресми сайты хабарлайды. 

БӨЛІСУ

Бас бапкердің айтуынша, әлемдік лицензиялық турнирге баратын спортшылар Түркияда өткен "Яшар Догу" турнирінде анықталған. 

"Біз Азия аймақтық лицензиялық турнирі басталмай тұрып, жолдама болмаған жағдайда, соңғы іріктеуде кімдердің күресетінін белгілеп қойдық. "Яшар Догу" халықаралық турнирінің қорытындысын назарға аламыз. Қазір бізде 3 салмақта жолдама жоқ.

Сондықтан, Стамбулдағы соңғы турнирге төмендегі балуандар қатысады:

57 кило: Рахат Қалжан;

65 кило: Адлан Асқаров;

74 кило: Талғат Сырбаз.

Жолдаманы кім жеңіп алады, сол Олимпиадаға барады", - деді бас бапкер.

Күрес түрлерінен соңғы лицензиялық жарыс 8 мамырда басталады. Ал Бішкекте өткен лицензиялық турнирде Әлішер Ерғали (97 кило) мен Юсуп Батырмұрзаев, Сербиядағы әлем чемпионатында Азамат Дәулетбеков (86 кило) жолдама иеленген. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!