Қазақ балуандары Бішкектегі жарыстың соңғы күні Олимпиадаға 3 жолдама жеңіп алды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақ балуандары Бішкектегі жарыстың соңғы күні Олимпиадаға 3 жолдама жеңіп алды
Фото ©️ olympic.kz

Күрес түрлерінен Бішкектегі лицензиялық турнир аяқталды. Азия аймақтық іріктеу сынында үлестірілген соңғы жолдамалардың бірін қазақстандық Әлімхан Сыздықов жеңіп алды. 

БӨЛІСУ

ҚР ҰОК хабарлағандай, грек-рим күресінен 130 кило салмақта сынға түсетін Әлімхан Сыздықов жартылай финалда Қырғызстан өкілі Роман Кимді жеңіп, Париж Олимпиадасының лицензиясын иеленді. 

Бішкектегі турнирде Юрий Мельниченко жаттықтыратын грек-рим құрамасы 3 квота жеңіп алды. Құрама сапынан 60 келідегі Айдос Сұлтанғали, 77 келідегі Демеу Жадыраев және 130 келідегі Әлімхан Сыздықов жолдамаға қол жеткізді. 

Ал 67 және  97 келі салмақтағы соңғы жолдамалар Стамбулдағы әлемдік іріктеу турнирінде сарапқа салынады.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!