Аса ауыр салмақтағы қазақ балуаны Олимпиада жолдамасын иеленді

О Сансызбай Корреспондент
Аса ауыр салмақтағы қазақ балуаны Олимпиада жолдамасын иеленді
Фото ©️ olympic.kz

Күрес түрлерінен Бішкекте өтіп жатқан Азия аймақтық іріктеу турнирінде қазақстандық Юсуф Батырмұрзаев Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. 

БӨЛІСУ

Еркін күрестен 125 кило салмақ дәрежесінде сынға түскен Батырмұрзаев жартылай финалда бахрейндік Шамиль Могамед Шариповты жеңді. Есеп - 7:3. 

Бұл Батырмұрзаевтың екінші Олимпиадасы. Бұған дейін ол Токио ойындарына да қатысты. 

Айта кетелік, бүгінгі жарыс күнінде 97 келі салмақтағы Әлішер Ерғали де Париж жолдамасын қоржынға салған болатын. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!