Қазақстандық ескекшілер Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық ескекшілер Олимпиада жолдамасын жеңіп алды
Фото ©️ olympic.kz

Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан каноэ мен байдаркада есуден іріктеу турнирінде қазақстандықтар Олимпиада жолдамасын жеңіп алды, – деп хабарлайды ҚР ҰОК

БӨЛІСУ

Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы екі адамдық каномен  500 метрге жарысудан мәреге бірінші болып жетті. 

Бұл сында тек қана бір квота ойнатылған болатын. Финалда бәрін басып озған Емельянов пен Хайдаров жұбы 01:44.213 уақыт көрсеткішімен үздік деп танылды. 

Осылайша қазақстандық спортшылар Олимпиада лицензиясының иегері атанды. 500 метрге жарысуда бақ сынайтын болады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!