50 килода Олимпиаданың соңғы іріктеу жарысына қатысатын боксшы қыз анықталды

О Сансызбай Корреспондент
50 килода Олимпиаданың соңғы іріктеу жарысына қатысатын боксшы қыз анықталды
Фото ©️ olympic.kz

Бокстан Астанада өтіп жатқан іріктеу турнирінде әйелдер арасындағы 50 кило салмақ дәрежесіндегі жеңімпаз анықталды.

БӨЛІСУ

Бұл салмақта Назым Қызайбай мен Алуа Балқыбекова Таиландтағы іріктеу турниріне қатысу мүмкіндігін сарапқа салды. Үш раунд қорытындысы бойынша Назым басым болып, лицензиялық жарысқа қатысу мүмкіндігіне ие болды. 

Ерлер арасындағы 63,5 килодағы жекпе-жектің бірінде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Ертуған Зейнуллинді жеңіп, жартылай финалға шықты. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!