Шавкат Рахмонов UFC чемпионы титулына таласуға дайын

Нұрбол Ынтымақұлы Корреспондент
Нұрбол Ынтымақұлы>
Шавкат Рахмонов UFC чемпионы титулына таласуға дайын

Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы UFC чемпиондық белбеуі үшін өтетін жекпе-жеке лайық екенін жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.   Рейтингте 3-інші тұрған отандасымыз өз сериясын (18-0) рейтингтің 2-інші қатарында тұрған Камару Усманның (20-4) сериясымен салыстырды.

БӨЛІСУ

«Рекорд 18-0, 100% мерзімнен бұрын жеңістер немесе соңғы үш жекпе-жекте 0-3. Менің ойымша, титул үшін кім күреседі деген сұрақ бұл жерде туындамауы керек», - деп жазды Шавкат X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, бұған дейін жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммад (24-3) жылдың соңғы нөмірлі турнирінде (UFC 310, 7 желтоқсанда өтеді) Рахмоновпен немесе Усманмен жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеген болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!