Ел футболындағы ауыс-түйістер
Назарларыңызға ел футболындағы соңғы жаңалықтарды ұсынамыз.
Назарларыңызға ел футболындағы соңғы жаңалықтарды ұсынамыз.
«Манчестер Сити» командасының ивуарлық жартылай қорғаушысы Яя Туре британдық ВВС медиакорпорациясының нұсқасы бойынша 2013 жылдағы Африканың үздік футболшысы болып танылды.
Боз кілемдегі белдесулер әлемнің 120 мемлекеті арналарынан көрсетілмек
«Ливерпуль» командасының шабуылшысы Даниэль Старридж алдағы екі айда командасына көмектесе алмайтын болды.
Telefoot телеарнасының тілшісінің «Биыл «Алтын допты» кім алады?» деген сұрағына: «Ешкім де» деп жауап берді.
Кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ол бүгін Эквадордың Кито қаласында колумбиялық боксшы Эмилио Хулио Хулионы тізе бүктірді.
Кеше өткен Қазақстан Футбол федерациясының кезекті отырысынан кейін, ел премьер-лигасы 2015 жылы «күз-көктем» маусымына ауысып, 10 команда бақ сынайтын ішкі біріншілікке айналатыны белгілі болған еді...
Әлемге әйгілі бразилиялық футболшы Роналдинью өзінің спорттық мансабын қайда жалғастыратынын ойланумен жүр. Оның қазіргі "Атлетико Минейро" командасымен арадағы келісім-шарты алдағы қыста аяқталады.
Мадридтік «Реалдың» қорғаушысы Серхио Рамос клубтан кетуі мүмкін. Бұл жағдай команда президенті Флорентино Перес арасындағы келіспеушіліктен кейін орын алып отыр.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің спорт залында "Қазақстан Аруы" атағына үміткер арулар мен бұқаралық ақпарат құралдары уәкілдері арасында шағын футболдан кездесу болып өтті.
Орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша бриллиантты белбеудің иесі, әлем чемпионы, аргентиналық Серхио Мартинес жарақатынан түбегейлі айыққандығын мәлімдеді.
"Реалдың" қақпашысы Икер Касильяс ағылшын алпауыты "Манчестер Ситиге", ал лондондық "Челсидің" жартылай қорғаушысы Хуан Мата мадридтік «Атлетикоға» ауысады деп жазуда...
Еуропа Лигасының топтық кезеңінің бесінші кездесуі аясында қарағандылық "Шахтер" өз алаңындағы соңғы ойында "ПАОК"-тан 0:2 есебімен жеңіліс тапты. Осылайша "кеншілер" ұжымы топтан шығу мүмкіндігінен түбегейлі айырылды
Футболдан ФИФА ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін жариялады. Қазақстан ұлттық құрамасы 3 саты жоғарылап, 132-ші орынға жайғасты.
29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Жапонияның Токио қаласында дзюдодан «Үлкен Дулыға» турнирі өтеді. Бұл биылғы маусымның шымылдығын жабатын ең соңғы сайыс болып саналады. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Бүгін Еуропа Лигасының топтық кезеңінің бесінші кездесуі аясында қарағандылық «Шахтер» өз алаңындағы соңғы ойынын өткізеді. «Астана-Арена» стадионында өтетін кездесудегі қарсылас – грекиялық «ПАОК».
«Барселона» және Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Хави журналистика саласындағы алғашқы қадамын жасады.
Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің екінші күніндегі кездесулер де мәресіне жетті. Топтан шығу мәселесін шешкен командалар анықтала түсті. Барлығы 36 гол соғылды.
Мадридтік "Реал" түріктің "Галатасарай" командасын қабылдаса, ағылшындық алпауыт "Манчестер Сити" леверкузендік "Байермен" ойнайды...
"Челси" жеңіліске қарамастан, 9 ұпаймен топтағы бірінші орынды сақтап қала беруде...
Бокстан Шымкенттегі халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды
Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын 9-раундта нокаутқа түсірді
Бибосынов алтыннан айқассыз айырылып қалды