Олимпиада-2024. Нариман Құрбанов күміс медаль үшін қанша табыс табатыны белгілі болды

Ақтоты Жапатова Корреспондент
Ақтоты Жапатова>
Олимпиада-2024. Нариман Құрбанов күміс медаль үшін қанша табыс табатыны белгілі болды
Фото ©️ ©Сали Сабиров

Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Париждегі (Франция) Олимпиаданың күміс медалі үшін қанша табыс табатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Vesti.kz"-ке сілтеме жасап.

БӨЛІСУ

Заңнамаға сәйкес, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегеріне Қазақстаннан 150 мың доллар (70 миллион теңгеден астам) тиесілі.

Сонымен қатар, Олимпиада ойындарының чемпионы үшін 250 мың доллар, ал қола жүлдегері үшін 75 мың доллар сыйақы қарастырылған.

Сондай-ақ, 4, 5 және 6 орындарға сәйкесінше 30, 10 және 5 мың доллар көлеміндегі сыйлықақылар қарастырылған.

Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!