“Көптеген талантты бапкерлер өз елімізден қолдау таппады“, Президент Есбол Сұлтанов жайлы пікір білдірді

Нұрбол Ынтымақұлы Корреспондент
Нұрбол Ынтымақұлы>
“Көптеген талантты бапкерлер өз елімізден қолдау таппады“, Президент Есбол Сұлтанов жайлы пікір білдірді
Фото ©️ Ақорда

Мемлекет басшысы Париж Олимпиадасының жүлдегерлерін қабылдау шарасында спорт саласына жоғары білікті мамандарды тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасау керек екенін атап өтті.

БӨЛІСУ

– Өкінішке қарай, көптеген талантты бапкерлер өз елімізден қолдау таппай, шетел асып кетіп жатады. Олар сол жерге барып, жас спортшыларды тәрбиелейді, яғни, басқа мемлекеттің ұлттық құрама командаларын әлемдік додаларға дайындайды. Мысалы, осы Олимпиада ойындарында Тунис елінің тхэквондодан ұлттық құрамасы қазақ бапкері Есбол Сұлтановтың жетекшілігімен екі медаль жеңіп алды, оның біреуі – алтын медаль. Бапкерлерге жан-жақты қолдау көрсету шараларын қолға алу керек, әсіресе, олардың қоғамдағы әлеуметтік және кәсіби мәртебесін арттыру өте маңызды. Бір сөзбен, бізге мықты бапкерлер мектебін жасақтау қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, Таэквондодан Тунис құрамасының бас бапкері, қазақстандық Есбол Сұлтанов дайындаған спортшылар портшылар Париж Олимпиадасында бір алтын және бір қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!