Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина хорватиялық бапкер Стефано Вуковпен ынтымақтастықты тоқтатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
5 жыл бірге жұмыс істегеннен кейін Стефано екеуміз енді жұмыс істемейміз. Мен оған корттағы жұмысы үшін алғыс айтамын және оған болашақта барлық жақсылықты тілеймін. Қолдауларыңыз үшін барлығыңызға рахмет, - деп жазды қазақстандық теннисші әлеуметтік желіде.
Естеріңізге сала кетейік, Рыбакина бронхитке байланысты Олимпиадаға қатысудан бас тартып, АҚШ өткен турнирде сенсациялық түрде бірінші айналымда канадалық Лейла Фернандестен жеңіліп қалған еді.
Ендігі кезекте тенисші 26 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте өтетін Us Open турнирінде бақ сынамақ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!