Елена Рыбакинаның Мадридтегі жартылай финалдық матчы сенсациямен аяқталды

Мира Лұқпан Корреспондент
Елена Рыбакинаның Мадридтегі жартылай финалдық матчы сенсациямен аяқталды
Фото ©️ instagram.com/mutuamadridopen

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Мадридтегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалындағы матчын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Қазақстандық теннисші бұл кезеңде Беларусь спортшысы, әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенкомен кездесті.

Елена Рыбакина алғашқы сетте қарсыласын 6:1 есебімен жеңгенімен, кейінгі екі сетте Арина Соболенко 5:7, 6:7(5) есебімен есе қайтарды.

Енді Арина Соболенко чемпиондық титул үшін соңғы бәсекеде Ига Швентекпен таласады. Былтыр да теннисшілер дәл осы турнирдің финалында кездескен еді. Онда Беларусь теннисшісі жеңіске жеткен еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!