Шавкат Рахмонов 30 жасқа толды: спорттағы басты жетістіктері қандай?

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Шавкат Рахмонов 30 жасқа толды: спорттағы басты жетістіктері қандай?
Фото ©️ shavkatrakhmonov94|instagram

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов 30 жасқа толды. Ол - қара базардан шығып, UFC-дің басты жекпе-жегіне дейін жеткен алғашқы қазақ спортшысы. Жетістіктерін санамалап көрейік. 

БӨЛІСУ

Шавкат Рахмонов 1994 жылы 23 қазанда Өзбекстанның Шыршық қаласында дүниеге келген. 2011 жылы отбасымен бірге Қазақстанға қоныс аударған. Басында қазіргі Түркістан облысында, кейін Қарағандыда тұрған. Артынша Көкшетауға көшіп, сондағы "Көкше" академиясында оқыған. 

ММА-ге бала кезінен қызығатын ол Қазақстанға көшіп келген соң бокс, самбо және джиу-джитсумен айналысқан. Нәтижесінде, 2014 жылы Шавкат аралас жекпе-жектегі жолын бастады.


liter.kz

Шавкат Рахмонов Өзбекстанда туғасын, аты-жөні қазақтарға ұқсас болмаған соң, жанкүйерлер оның ұлтын өзбек деп санайды. Бірақ Шавкат сұхбаттарының бірінде бұл мәселенің нүктесін қойған. 

Әкем - қазақ. Ұлтым - қазақ. Өзбекстанда тудым. Атамның аты - Рахман. Сондықтан Өзбекстанда мені Рахмонов деп жазып қойған. Шавкат - Қазақстанда танымал емес араб есімі. Сондықтан мұнда "ұлтың қандай?" деген сұрақ көп қойылады. Екінің бірі соны сұрайды. Мені өзбек не тәжік деп ойлайды, бірақ мен қазақ екенімді айтамын", - деді Шавкат KAZMMA Live Channel YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shavkat Rakhmonov (@shavkatrakhmonov94)

Рахмонов Қазақстанға көшіп келген уақытында тіл білмегенін және базарда қара жұмысшы болып істегенін айтады. 

"Базарда жүк тасушы болып жұмыс істедім. Отбасымыз қарапайым. Қазақстанға келген кезде тіл білмедік. Түрлі жерде жұмыс істеуге тура келді, кез келген жұмысты алдық. Базарда екі не үш жылдай жүрдім. Сол уақытта жаттығуға да баратынмын. Жұмыстан келемін де, киімдерімді алып, жаттығуға кететінмін. Кейде бір күнде екі жаттығу болатын: бокс пен самбо. Ондай кездер де болды", - дейді файтер Vesti.kz сайтына берген сұхбатында. 

ММА-мен қатар ол бокс пен футболды жақсы көреді екен. 

"Бокс қараған ұнайды. Бұрын айналыстым да. Футбол қараймын. Бәріне жанкүйер болып отырамын. Отандастарымыз ғой енді. Жеңген кезде қуанамын. Футболшылар туралы ештеңе айта алмаймын (жымиып). Оларға көп жұмыс істеу керек. Бірақ сайыстарда өзіміздің спортшыларға қолдау көрсетіп отырамын", - дейді ол. 

Шавкат жуырда ғана көптен күткен маңызды жекпе-жегіне мүмкіндік алды. Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы америкалық Белал Мұхаммедпен (24-3) шайқасады. Жеңіске жетсе, Рахмонов UFC-дегі алғашқы қазақ чемпионы атанатын болады. Сондай-ақ бұл Шавкаттың мансабындағы бірінші мейн-ивенті әрі екінші PPV-оқиғасы болмақ (дебюті UFC 285 турнирінде Джефф Нилге қарсы өткен). Жекпе-жек 7 желтоқсан күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өтеді.


insporttv.kz

Шавкаттың UFC-де тағы да мынадай жетістіктері бар  

 UFC-мен келісімшартқа қол қойған алғашқы қазақстандық.

•  UFC-де қарсыласын уақытынан бұрын жеңіп шыққан алғашқы қазақ спортшысы.

 UFC бонусын иеленген алғашқы қазақстандық.

•  UFC рейтингіне енген алғашқы қазақстандық.

  UFC рейтингінің топ-10 және топ-5 қатарына кірген алғашқы қазақстандық.

•  UFC турнирінің қосалқы басты жекпе-жегінде өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық - Нил Магнимен жекпе-жек.

  Нөмірленген турнирдің басты кардында өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық - UFC 285 турнирінде Джефф Нилге қарсы жекпе-жек.

 UFC ойынындағы алғашқы қазақстандық.

  Ең қомақты гонорар алған алғашқы қазақстандық спортшы - Джефф Нилмен жекпе-жегі үшін $200 000 алған.

  UFC тарихындағы жартылай орта салмақта мансабын 6 бірдей жылдам жеңіспен бастаған алғашқы және жалғыз спортшы.

 UFC-де барлық спортшы арасында ММА-дағы ең ұзақ мерзімінен бұрын жеңістер сериясына ие - 18 жекпе-жек.

 UFC турнирінің басты жекпе-жегінде бақ сынайтын алғашқы қазақстандық спортшы. 

  UFC чемпиондық атағына таласатын тұңғыш қазақ спортшысы.