Париж Олимпиадасы: дерек пен дәйек

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Париж Олимпиадасы: дерек пен дәйек
Фото ©️ olympic.kz

Париждегі ХХХІІІ жазғы ойындардың басталуына 16 күн қалды. Бүгінде қазақстандық спортшылар Олимпиадаға іріктеу турнирлерін толық аяқтады. Франция астанасында спорттың 25 түрінен 80 спортшы ел намысын қорғайды, - деп хабарлайды ҚР ҰОК

БӨЛІСУ

Қазақстан құрамасы осыған дейін егемен ел ретінде 7 жазғы Олимпиада ойындарына қатысты. Сегізіншісінде 80 спортшы алып барады.

Қазақстан спортшылары арасынан Париж Олимпиадасының ең алғашқы жолдамасын мерген Ислам Сәтпаев жеңіп алды. Нысана көздеу шебері Әзербайжанның Баку қаласында өткен лицензиялық әлем чемпионатында үздік төртікке енген болатын. 

Содан бері қазақстандық спортшылар әлемдік және құрлықтық іріктеу турнирлеріне қатысып, Париждегі жазғы ойындардың жолдамасына таласты. Сондай-ақ рейтингілік жарыстар арқылы ұпай жинап, жолдама еншілегендер бар. Олай болса төмендегі деректерді ерекше атап өтуге  болады: 

• Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Олимпиадаға толық құрамда барады

• Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы тұңғыш рет жазғы ойындарға үш спортшыны апарады

• Брейкинг пен бадминтоннан Қазақстан тұңғыш рет Олимпиада жолдамасын иеленді. Брейкингтен Амир Закиров, бадминтоннан Дмитрий Панарин ел намысын қорғайды. 

• Әйелдер күресінен Қазақстан командасы тарихта тұңғыш рет Олимпиададан сырт қалды. 

• Семсерлесуден Қазақстан құрамасы тарихта тұңғыш рет командалық жарыста бақ сынайды. 

• Қазақстан тұңғыш рет гимнастиканың үш түрінен (батуттық, спорттық және көркем) жазғы Олимпиадада сынға түседі.

• Нысана көздеуден Қазақстан командасы тұңғыш рет алты спортшыны Олимпиадаға апарады. 

• Париж Олимпиадасына қатысатын 80 қазақстандық спортшының ішінде 54 атлет жазғы ойындарға тұңғыш рет қатысқалы отыр. 

• Қазақстан олимпиадалық құрамасының сапында жазғы ойындарға төртінші рет қатысатын екі спортшы бар. Олар – жеңіл атлет Ольга Сафронова мен академиялық есу шебері Владислав Яковлев.

• Елдос Сметов (дзюдо), Кирилл Герасименко (үстел теннисі) және Елена Потапенко (қазіргі бессайыс) Олимпиада ойындарына үшінші рет қатыспақ.

• 21 спортшы өз мансабындағы екінші Олимпиадаға аттанады.