24 жылдан кейінгі кездесу! Ділдәбеков Олимпиада ойындарындағы қарсыласымен жүздесті

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
24 жылдан кейінгі кездесу! Ділдәбеков Олимпиада ойындарындағы қарсыласымен жүздесті

Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков кубалық Алексис Рубалькабамен кездесті. Қарсыласын 24 жылдан кейін көрген қазақ боксшысы төс қағысып амандасты.

БӨЛІСУ

Куба қабыланы "Алматау" базасында өтетін Мұхтархан Ділдәбеков атындағы турнирге құрметті қонақ ретінде қатысады.

Қос боксшы Сиднейдің жартылай финалға шығар жолында жұдырықтасып, жерлесіміз ұпай айырмасымен ұтқан болатын. Куба боксшысы Ділдәбековтен едәуір ірі әрі бойшаң еді. Соған қарамастан Ділдәбеков оны бір рет рингте сұлатып та түсірген еді.

Алексис Рубалькаба – тоқсаныншы жылдар ортасында аты шыққан кубалық белгілі боксшы.

Спорттағы соңғы жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқи отырыңыздар!