75 жастағы спортшы әлем чемпионы атанды

Massaget.kz Корреспондент
75 жастағы спортшы әлем чемпионы атанды
Фото ©️ Massaget.kz

75 жастағы Қарағанды облысының тұрғыны Дәрібай Оспанов пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды. Америка Құрама Штаттарында өткен байрақты бәсекеге 46 елден 960 спортшы қатысты. Оның арасында ардагер спортшының ұлы да бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Техас штатының Остин қаласында 83 салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз қатарластарын қапыда қалдырып, сайыстың "экипировка" түрінен жеңімпаз атанды. Ал классикалық сында жеңістің екінші сатысынан көрінді.

"Адам мақсат қою керек. Соған жету керек. Өзіңе задания бердің ба соны орындау керек. Жарыс енді қыркүйектің 18 інде Бішкекте Азия біріншілігі болады. Соған барамын. Сосын ендігі жылы мамырда Норвегияда әлем біріншілігі болады соған дайындаламын", - деді Дәрібай Оспанов

Өмір бойы құрылыс пен темір жол саласында еңбек еткен ақсақал, спорттың бұл түріне 50-ден асқан шағында келген. Осы уақыт аралағында 4 рет Әлем Чемпионы атаны атанып үлгерді. Ұлдары да, немерелері де спорттан алыс емес. Тіпті, кенжесі осы жарыста өз салмағының жеңімпазы атанды.

"Классикалық жатып сығындаудан 66 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атандым. Экипровочный жим лежа 2 орын иелендім. Бұл салаға келмей тұрып әр түрлі спортпен айналыстым. Ағаммен әкемнің қолдауымен осы спортқа ауысып, жақсы нәтиже көрсетеміз деп жоспар қойды", - деді Д. Оспановтың ұлы Қараман Абдулкарим.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!