Ағылшын клубтары VAR-дан бас тарта ма?

О Сансызбай Корреспондент
Ағылшын клубтары VAR-дан бас тарта ма?
Фото ©️ Sky Sports

Бүгін Англия премьер-лигасындағы командалардың басшылары кездеседі. Күн тәртібіндегі мәселенің бірі – VAR жүйесінен бас тарту.

БӨЛІСУ

"Вулверхэмптон" бастаған біршама командалар бұл жүйеден бас тартуға шақыруда. Егер 14 команда басшысы қолдайтын болса, келер маусымда VAR жүйесі болмайды.

"Манчестер Сити", "Арсенал" және "Тоттенхэм" командалары бұл жүйенің болғанын қолдайды. "Ливерпуль" де жүйеге қарсы емес.

Премьер-лига өкілдері кеше командалар поштасына өткен маусымдағы VAR жағдайына қатысты ақпарат жолдаған. Онда жүйе нәтижесінде 105 дұрыс шешім қабылданған. Төрешілер 11 рет қана қателескен.

Ал Сіз қалай дауыс берер едіңіз?