"Доширак жеп Олимпиада чемпионы атануы керек пе?" Танымал файтер спорт шенеуніктерін сынға алды

О Сансызбай Корреспондент
"Доширак жеп Олимпиада чемпионы атануы керек пе?" Танымал файтер спорт шенеуніктерін сынға алды
Фото ©️ © instagram/artem.rez

Қазақстандық танымал аралас жекпе-жек шебері Артем Резников спорт шенеуніктерін сынға алды. Әлеуметтік желіде жарияланған шағын видеосұхбатында көп дүниеге көңілі толмайтынын айтады. Бұл күрес түрлеріне қатысты ойы және әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұханға берілген сый-құрметке де күмәнмен қарайды.

БӨЛІСУ

Қазақстан тарихында күрестен әлем чемпионы шықпай келді. Чемпион болған балуанға 1 миллион доллар береді деп айтылды. Ал соңында 15 мың доллар бергенде қандай боласың? Әлем чемпионына 15 мың доллар... Бізде осыған дейін неге Олимпиада чемпионы шықпай жатыр? Себебі өздері қалаған нәтижеге қол жеткізетін қолдау жоқ. Доширак жеп Олимпиада чемпионы атануы керек пе?, - дейді Резников. 

Артем Резников – қазақстандық танымал аралас жекпе-жек шебері. 31 жекпе-жекке шығып, оның 24-де жеңіске жеткен. 7 шайқасында қарсыласына есе жіберген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АНАКОНДА ™ (@anaconda_tm)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!