IFAB футболға көк қағаз көрсету ережесін енгізгісі келеді

О Сансызбай Корреспондент
IFAB футболға көк қағаз көрсету ережесін енгізгісі келеді
Фото ©️ maisfutebol.iol.pt

Халықаралық футбол қауымдастығы кеңесі (IFAB) футбол ережесіне тағы бір жаңа ереже енгізуді жоспарлауда. Олар ойын кезінде футболшыларға "көк қағаз" көрсету жайын талқылауда екен. 

БӨЛІСУ

Көк қағаз қандай мақсатта көрсетіледі? Ол ойында қарсылас команда шабуылын әдейі тоқтатқан, біле тұра ереже бұзған және матчтың ресми өкілдеріне қарсылық көрсеткен футболшыларға көрсетіледі. 

Көк қағаз алған футболшы ойыннан 10 минутқа шеттетіледі. Екі көк қағаз немесе көк және сары қағаз алған ойыншы қызыл қағазбен алаңнан қуылады. 

Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағы (FIFA) бұл ережені жақын арада енгізуге құлықты емес. Бұған дейін Еуропалық футбол қауымдастықтары Одағынан (UEFA) да қолдау таппаған еді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!