Париж Олимпиадасының чемпионы "Қызық Times" бағдарламасында қонақта болғанда Олимпиада кезінде есте қалған сәттері туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Спортшы Олимпиада кезінде шет тілін білмегені үшін намыстанып, қатты ұялғанын жасырмады.
"Намыстанған бір жағдай болды. Олимпиадағы жеңістен кейін кешке басшылық пен Олимпиада чемпиондары бас қосқан мерекелік кешкі ас болды. Мұнда барлығы бір-бірін құттықтауға келеді. Мен тек congratulations деген сөзді түсінемін, барлығына "thank you" деп жауап беремін. Олар бірдеңе айтып жатты, мен тек қарап тұрдым. Осы сәтте тіл білмегенім үшін қатты ұялдым. Мен бәрін түсінгендей кейіп танытып, алғыс айттым, бірақ олардың не айтқанын түсінбедім. Сөйлеп жатқандарына қарап, мені мақтап жатқанын сездім", - деп ағынан жарылды ол.
Айта кетейік, жақында Елдос Сметов Нұрлан Қоянбаевтың "Түнгі студия" бағдарламасына да қонаққа барған болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз