Жаз келіп, күн ысып, суда жүзу маусымы басталды. Суда жүзу – денсаулыққа өте пайдалы. Жүйке жүйесін айтарлықтай тыныштандырып, күйзелістен шығуға көмектеседі. Дегенмен кей адамдар денсаулығына байланысты суда жүзбегені жөн.
Барлық спорт түрлері секілді суда жүзудің де өзіне тəн зиянды тұстары бар. Ең алдымен созылмалы жұқпалы аурулармен сырқаттанған жандарға суға түспегені абзал. Сонымен қатар, терісі зақымданған жандарға да суға түсуге болмайды. Ал жүрегі ауыратын жандар үшін дəрігер кеңесінен өтіп барып қана суға түсуге болады. Оның өзінде аптасына немесе күніне қанша уақыт түсуге болатынын біліп алған жөн.
Ауруды асқындырып алмау үшін суы жылы бассейнді таңдаған дұрыс. Өйткені салқын судан ауру жылдам асқынады. Ал буын ауруларымен, арқа омыртқасы зақымданған жандар үшін суда жүзудің пайдасы зор.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!