Жаяу жүрудің жүгіруден артықшылығы қандай?

Тұрсынбек Раушанұлы Корреспондент
Тұрсынбек Раушанұлы>
Жаяу жүрудің жүгіруден артықшылығы қандай?
Фото ©️ medaboutme.ru

Жаяу жүру – адам үшін ең пайдалы табиғи жаттығу. Осыны біле тұра адамдар аз қозғалады. Адамзат қозғалуға ерінетіні сонша, тіпті, жаяу жүрмеу үшін түрлі амалдар ойлап тапты. Мысалы, эскалатор, жеделсаты, автокөліктер, электромобильдер және тағы басқа құрылғылар адамның аз қозғалуы үшін жасалған технологияның ғажайыптары саналады.

БӨЛІСУ

Адам өмірін ұзартатын пайдалы жаттығу да міне осы – жаяу жүру! Біз бүгін жаяу жүрудің денсаулыққа пайдасы мен жүгіруден қандай артықшылығы бары туралы айтып өтетін боламыз.

©zakon-auto.ru

1. Жаяу жүру – баяу жүгіру

American Heart Association қауымдастығы мен American College of Sports Medicine институты аптасына 5 рет 30 минут бойы жаяу жүруге кеңес береді.

2. Жаяу жүру – калорияны кетірудің ең тиімді тәсілі

Мысалы, 70 келілік салмаққа ие адам жүгіру кезінде сағатына 500-600 ккал жұмсайды, ал дәл осы салмақтағы адам жаяу жүрсе, сағатына 250 ккал жұмсайды екен. Жүгіру денеге артық күш жұмсауға мәжбүрлеп, кейін сіз жүгірмек түгілі жүруге зауқыңыз соқпай қалуы бек мүмкін. 

©agelbam.ru

3. Жаяу жүру туралы ғылым не дейді?

Сарапшы мен ғалымдардың жаяу жүрудің пайдасы туралы зерттеулерін Гиппократтан бастауға болады. Ол осыдан 2400 жыл бұрын: "Жаяу жүру  адам үшін ең бірінші медициналық көмек" деп айтқан. University College London-ның екі ғалымы 1970-2007 жылдар аралығында жазылған жаяу жүрудің пайдасы туралы барлық зерттеулерді саралаған. Олар 4295 мақаланы оқып, олардың ішінен ең пайдалы 18 мақаланы таңдап алған.

18 мақаланы зерттей келе жаяу жүрудің мынадай артықшылы анықталған:

• Күнделікті жаяу жүру жүрек қан-тамыр ауруын 31 пайызға азайтады;
• Жаяу жүрген адамдардың өмірі көп қозғалмаған адамдарға қарағанда 32 пайызға ұзарған. Мысалы, күнделікті 2 шақырымнан артық жаяу жүретін адамдардың өмірі 22 пайызға ұзарады.
• 72 488 медицина мамандары қатысқан тәжірибеде олар аптасына 3 сағат жаяу жүрген. Нәтижесінде мамандарда қарапайым адамдарға жүрек талмасы 35 пайызға, инсульт 32 пайызға қарағанда аз кездескен.

• Ғалымдар 8946 науқастың қатысуымен тәжірибе өткізіп, сол бойынша 48 зерттеу мақаласы жазылған. Ғалымдардың зерттеуінше, аптасына 3 рет 30 минут жаяу жүрген науқастар арасында жүрек ауруынан келіп шығатын өлім 26 пайызға, басқа аурулардан болатын өлім 20 пайызға азайған.

©telegraf.com.u

Жаяу жүрудің адам өмірін ұзартатын және жүрек ауруын азайтатын қасиетінен бөлек тағы мынадай адам ағзасына пайдасы бар:

• Ақыл-есі кем болу;
• қант диабеті;
• депрессия;
• ішектің қатерлі ісігі;
• семіздік;
• буын аурулары;
• эректильді дисфункция.

4. Жаяу жүрудің жүгіруден артықшылығы

Егер бір жерге асығып тұрсаңыз, жүгіру жаяу жүруден абзалырақ. Бірақ екі жаттығу арасындағы айырмашылық тек жылдамдықта ғана емес. Жаяу жүру кезінде кем дегенде бір аяқ жерде болады. Ал жүгіру кезінде аяқ көбіне ауада қозғалады. Жылдамдық қаншалықты жоғары болса, адамның аяғы соншалықты ауада көп қозғалады екен. Жоғары жылдамдықпен жүгіретін спортшылар 45 пайыз уақытын "ауада" өткізеді.

©nedandshell.com

Бірақ аспанға ұшқан зат гравитация заңы бойынша жерге қайтып түседі. Сондықтан жүгірген адамның аяғы Жерге "қону" кезінде адам омыртқасы өз салмағынан 3 есе ауыр салмақты көтеруге мәжбүр болады. Осы жағынан алып қарайтын болсақ, жүгіру адам денесін шымыр етумен бірге, оған жарақат та жеткізеді. Сондықтан омыртқа ауруымен ауыратын адамдарға дәрігерлер жүгірмеуге кеңес береді.

Ал жаяу жүру кезінде адамның жарақат алуы 1-5 пайыз ғана болса, жүгіру кезінде жарақат алу 20-70 пайыз.

©boisecodeworks.com

5. Баспалдақпен көтерілудің пайдасы

Канадалық ғалымдар 64 жасқа дейінгі 17 адамды арнайы тәжірибеден өткізген. Тәжірибе барысында баспалдақпен жоғарыға көтерілген адамдар басқа жаттығуларға қарағанда 50 пайыз көп қуат жұмсаған. Сондықтан баспалдақпен жоғарыға көтерілу адам денсаулығына өте пайдалы. Егер сіз жоғарғы қабатта өмір сүретін болсаңыз және жеделсаты жоқ болса оған қуаныңыз.

Ғалымдардың айтуынша, күнделікті орташа 8-қабатқа жаяу шығатын адамдар арасында өлім қаупі жеделсатымен көтерілетін "жалқаулардан" 33 пайыз аз кездескен.

6. Жаяу жүру ме әлде генетика ма?

Жаяу жүру бойынша зерттеулер кезінде мынадай сұрақ туған: "Жаяу жүру денсаулыққа айтарлықтай пайда әкеле ме әлде дені сау адамдар жаяу жүруге бейіл ме?" деген.

Еуропа зерттеушілері бұл сұраққа жауап іздеп 16 мың адам қатысқан тәжірибені 1975 жылы бастаған. 20 жыл ішінде 1253 адам қайтыс болған. Нәтижесінде айына кем дегенде 6 рет 30 минут бойы жаяу жүргендер арасында жаттығу жасамаған адамдарға қарағанда өлім қаупі 43 пайызға аз кездескен.

Егер егіздердің бірі күнделікті жаяу жүріп, екіншісі мұндай жаттығумен айналыспаса, біріншісінде өлім қаупі екіншісіне қарағанда 56 пайыз аз кездеседі.

Сондықтан жаяу жүріңіз, спортпен шұғылданыңыз, салауатты өмір салтын ұстаныңыз!